Өндіріс кезеңдері
Барлық шығарылатын өнімді құю шығарылатын өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін Sidel, Matrix, Sipa және Tecnocom сияқты еуропалық жетекші жабдық өндірушілердің заманауи, автоматтандырылған өндірістік желілерінде жүзеге асырылады
01
БІЗ СУДЫ КӨЗДЕН АЛАМЫЗ
Жер асты ұңғымаларынан су тотқа және бляшканың пайда болуына төзімді құбырлар арқылы су дайындау бөліміндегі тот баспайтын болаттан жасалған сақтау ыдыстарына түседі.
02
ТАБИҒИ ПАЙДАЛЫЛЫҒЫН САҚТАЙМЫЗ
Су кварц және полипропилен сүзгілері жүйесінен өтеді, барлық ұсақ механикалық қоспалардан арылады және барлық табиғи қасиеттерін сақтай отырып, мөлдір тазалыққа ие болады.
03
УЛЬТРАКҮЛГІН
ШАММЕН ӨҢДЕЙМІЗ
Бұл кезеңде су бактерицидтік УК өңдеуден өтеді, осы арқылы кез келген ықтимал микробиологиялық ластануды болдырмайды
04
ҚҰЯМЫЗ ЖӘНЕ
БУЫП-ТҮЙЕМІЗ
Заманауи жоғары жылдамдықты өндірістік желілер Tassay өнімдерін автоматты түрде құю мен буып-түюді қамтамасыз етеді.